12 қаз, 2020 сағат 13:30

Қазақстанда тұрғын үй сатып алушылар саны өсті

Қыркүйекте елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері артты. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, осы жылдың қыркүйегіндегі тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерің 35 359-ды құрады және өткен аймен салыстырғанда 17,2 пайызға артты. 

2020 жылғы қаңтар- қыркүйектегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,5 пайызға кеміді. Өткен жылы мұндай мәмілелердің саны 212 986 болған еді.