18 сәу, 2025 сағат 13:04

Қазақстанда тұңғыш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті

Фото: ұйымдастырушылардан

2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен “Майлан” далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет күштік құрылымдардың FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сайысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да құрылымдардың командалары қатысты. Турнирдің серіктесі – “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.  

Фото: ұйымдастырушылардан

Сайыс қорытындысы:

  • Бірінші орын – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы. 
  • Екінші орын – ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы. 
  • Үшінші орын – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы. 

Турнир FPV-дрондарды басқару турнирі мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды.

Фото: ұйымдастырушылардан

Қатысушылар:  

  • - жаңа басқару жүйелерін игерді;  
  • - практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды;  
  • - ұшқышсыз ұшу құрылғыларын тактикалық қолдану саласын дамытуға үлес қосты.  

Millitary Drone Race – заманауи технологияларды күштік құрылымдардың қызметінде тиімді пайдалану мен мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға арналған маңызды қадам.