31 қаңтар күні 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазтелерадио» АҚ жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуіне байланысты 31 қаңтар күні Астана уақытымен 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарналардың хабарында үзіліс болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!», - делінген қазақстандық кабельді телевидение операторларының бірінің хабарламасында.