Фото: pixabay.com
2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында қазақстандық такси жүргізушілер 174,5 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе және 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,5 есе көп, деп хабарлады Energyprom.kz.
Биыл қаңтарда 22,9 миллион адам тасымалданды. Бұл 2025 жылдың қаңтарынан 2,1 есе көп.
"Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық 174,5 млн жолаушының 60,7 миллионы Алматы мен Астанада, яғни жалпы жолаушылар ағынының үштен бірінен астамы тасымалданды. Көшбасшы – Алматы", - деп жазылған хабарламада.
Такси қызметін ең аз тұтынған – Ұлытау облысы, сосын Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда бүкіл Қазақстан бойынша такси кәсіпорындарының жиынтық табысы 186,1 млрд теңгені құрады. Оның жартысына жуығы Алматы мен Астанаға тиесілі.
Былтыр такси қызметінің құны көтерілген. Бір жылда баға 17%-ке өсті. Әсіресе Түркістан облысында такси құны едәуір қымбаттаған. Одан кейін Ақмола және Жетісу облыстары тұр.
