Қазақстанда өткен тәулікте 1 058 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 257,
- Алматы қаласында - 111,
- Шымкент қаласында – 30,
- Ақмола облысында – 45,
- Ақтөбе облысында - 17,
- Алматы облысында - 46,
- Атырау облысында - 48,
- Шығыс Қазақстан облысында - 87,
- Жамбыл облысында - 20,
- Батыс Қазақстан облысында - 82,
- Қарағанды облысында - 171,
- Қостанай облысында - 34,
- Қызылорда облысында - 11,
- Маңғыстау облысында - 25
- Павлодар облысында - 44,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 16,
- Түркістан облысында - 14.
Пандемия басталғалы республика бойынша 401 272 адам індетке шалдыққан.
Сонымен қатар өткен тәулікте 1 374 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Былтыр наурыздан бері 376 831 адам COVID-19-дан сауыққан.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 348
Алматы қаласы - 230
Шымкент қаласы - 161
Ақмола облысы - 44
Ақтөбе облысы - 3
Алматы облысы - 43
Атырау облысы - 134
Шығыс Қазақстан облысы - 62
Батыс Қазақстан облысы - 31
Қарағанды облысы - 180
Қостанай облысы - 9
Қызылорда облысы - 12
Маңғыстау облысы - 26
Павлодар облысы - 23
Солтүстік Қазақстан облысы - 54
Түркістан облысы - 14.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 964 пациент – стационарда, 14 449 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында:
- 528 адамның жағдайы ауыр,
- 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
