19 қар, 2022 сағат 09:48

Қазақстанда тағы бірқатар актив мемлекетке берілуі мүмкін


Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.