26 там, 2024 сағат 16:38

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ: көлік министрлігі бұйрық жобасын әзірледі

Фото: МИИР

Көлік министрлігі "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолының Үшарал-Достық учаскесі ақылы негізде пайдалануға берілмек.

"Республикалық маңызы бар II санаттағы Үшарал – Достық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы ақылы негізде қолданылады;
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 0+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 180+0001", делінген құжатта.


Ақылы жолдың ұзындығы 180 км болмақ. Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.