21 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен тағы 804 науқас, 6 өлім тіркелгенін хабарлады. Жаңа тіркелген 38 науқасқа ауру белгілері бойынша коронавирус пневмониясы қойылған, олардың вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған. Алты өлімнің екеуі осы санаттағы науқастар қатарынан.
Қазақстан былтыр тамыздан бері коронавирус науқастарының екі статистикасын жүргізіп келеді. Бірі – вирус жұққаны ПТР тестімен расталған науқастар дерегі, бірі – ПТР тестімен расталмаған (КВИ+), диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясы дерегі (КВИ-). Кейінгі күндері белгілі болғандай, КВИ+ дерегі бір күннен кейін, КВИ- дерегі екі күннен кейін жарияланады.
Жаңа тіркелген 804 науқастың 766-сы КВИ+ санатына жатқызылған және олардың дерегі 20 ақпан күні нақтыланған. КВИ- санатындағы 38 науқастың дерегі одан бір күн бұрын, яғни 19 ақпан күні анықталған.
Күнделікті жарияланып келген коронавирус пневмониясы дерегінің кешегі күндікі емес, алдыңғы күндікі екені ақпанның басында белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын таңертең коронавирус дерегі бойынша инфографика жариялайды. Онда КВИ+ және КВИ- деректері қатар көрсетіледі. Екеуі бірдей күннің ақпараты деп жазылды.
Аймақтар бойынша жалпы дерек:
Нұр-Сұлтан қаласы - 53,
Алматы қаласы - 102,
Шымкент қаласы - 8,
Ақмола облысы - 81,
Ақтөбе облысы - 13,
Алматы облысы - 59,
Атырау облысы - 33,
Шығыс Қазақстан облысы - 55,
Жамбыл облысы - 19,
Батыс Қазақстан облысы - 65,
Қарағанды облысы - 53,
Қостанай облысы - 69,
Қызылорда облысы - 7,
Маңғыстау облысы - 9,
Павлодар облысы - 100,
Солтүстік Қазақстан облысы - 36,
Түркістан облысы - 4.
Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 207 418.
Сондай-ақ, 21 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 417 адам короновирус инфекциясынан (13 627 КВИ+ және 7 790 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 4 776 пациент - стационарда, 16 641 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 237 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.