Қазақстанда тағы 48 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 14, Алматы қаласында - 15, Шымкент қаласында - 2, Павлодар облысында - 2, Атырау облысында - 7, Түркістан облысында - 1, Ақмола облысында - 4, Маңғыстау облысында - 2, Қызылорда облысында 1 адам дертінен айыққан.
Осылайша, еліміз бойынша жазылғандар саны 4400-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 849 Алматы қаласы – 1258 Шымкент қаласы – 222 Ақмола облысы – 101 Ақтөбе облысы – 172 Алматы облысы – 172 Атырау облысы – 233 Шығыс Қазақстан облысы – 44 Жамбыл облысы – 171 Батыс Қазақстан облысы – 242 Қарағанды облысы – 190 Қостанай облысы – 59 Қызылорда облысы – 228 Маңғыстау облысы – 100 Павлодар облысы – 148 Солтүстік Қазақстан облысы – 33 Түркістан облысы – 178