ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің нәтижесін жариялады. Соның бір бағыты - түрмеде отырғандардың санын азайту, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, 27 жылдың ішінде елімізде түрмеге қамалғандардың саны 68,5 мың адамға азайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан осы көрсеткіш бойынша әлемде үшінші орында тұрды.
«Ол кезде әрбір жетінші отбасыда сотталған бір адам болды. Дегенмен, аталған көрсеткіш біртіндеп азайды. Қазіргі кезде республика бойынша 29 913 адам түрмеде отыр», - деді М.Аxметжанов елордада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 8 түрме жабылды. Соның нәтижесінде 12 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта тағы 4 ескі колония жабылады.
«Бір жылдың ішінде түрмеде отырған адамдардың санына қатысты xалықаралық рейтингте Қазақстан өз позициясын 12 сатыға жақсартты. Бұрын 83 орында едік, қазір 95-ке түстік. Бұл индексте 200 мемлекет бар. Біз 95-ші орында тұрмыз», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов.
Ресми мәліметке сәйкес, заңнаманы ізгілендіруі шаралары кезінде қылмыстардың саны артқан жоқ. Статистика бойынша қылмыстық тәртіпті бұзу оқиғалары жыл сайын азайып келеді. Былтыр аталған көрсеткіш 8 процентке төмендесе, биыл үш айда 6 процентке қысқарды.
«Осы орайда ерекше атап өтер жәйт, аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің істері ізгілендіруге жатпайды. Олардың ішінде экстремистер, педофилдер, террористер, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері, адам өлтірген және қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер бар. Ондай істердің кейбір санаттары бойынша қылмыстық жауапкершілік керісінше күшейтілді», - дейді М.Аxметжанов.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Белгісіз біреу ірі көлемде ақша жымқырған Бергей Рысқалиев Ұлыбританияда жүргенін түсіріп алыпты.
Бұдан бөлек, М.Аxметжанов малды 20 рет ұрлаған барымташылардың ұсталғанын мәлімдеді.