12 мам, 2020 сағат 07:25

Қазақстанда тағы 33 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова болжаған 5300 адамға мамырдың ортасында жетіп қалуы мүмкін. 12 мамырда таңертеңгі сағат 9:25-те денсаулық сақтау министрлігі елде вирус жұқтырған тағы 33 адам анықталғанын хабарлады.

Атырау облысында вирус 17 адамға жұққан. Алматы қаласы - 3, Нұр-Сұлтан қаласы - 5, Батыс Қазақстан облысы - 1, Жамбыл облысы - 3, Қостанай облысы - 2, Қызылорда облысы - 1, Маңғыстау облысы - 1 адам.

Қазіргі мәлімет бойынша, індет тарағалы Қазақстанда жиынтығы 5240 адамға коронавирус жұққан. 2074 адам дерттен жазылып, 32 адам қайтыс болды.