29 сәу, 2020 сағат 15:35

Қазақстанда тағы 27 адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 29 сәуір кешкі сағат 17.35-те коронавирус инфекциясы тағы 27 адамнан табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы облысында - 8, Шымкент қаласында - 5, Қарағанды облысында - 3, Маңғыстау облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында 3 адамға вирус жұққаны анықталған. 

Қазақстанда барлығы 3105 адамға вирус жұққан. 798 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған. 

Коронавирус жұқтырған 3105 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 926
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 616
  • Қызылорда облысы – 187
  • Шымкент қаласы – 189
  • Қарағанды облысы – 142
  • Атырау облысы – 131
  • Батыс Қазақстан облысы – 130
  • Түркістан облысы – 124
  • Павлодар облысы – 122
  • Алматы облысы – 122
  • Жамбыл облысы – 116
  • Ақмола облысы – 98
  • Ақтөбе облысы – 65
  • Қостанай облысы – 45
  • Маңғыстау облысы – 45
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.