Денсаулық сақтау министрлігі 13 мамыр таңертеңгі сағат 10.00-де Қазақстанда тағы 138 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 11, Жамбыл облысында - 6, Қарағанды облысында - 3, Түркістан облысында - 4, Атырау облысында - 92, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Алматы қаласында 6 адамға вирус жұққан.
Министрліктің хабарлауынша, бұл 13 мамырға қараған түнгі ақпарат. Бірақ ведомство оны сәрсенбі күні таңертең жариялап отыр.
Министрлік сонымен бірге 115 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.
Елде барлығы 5417 адамға вирус жұққан. 2223 адам жазылған. 32 адам қайтыс болған.
Вирус жұқтырғандар:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1118(+15) Алматы қаласы – 1628(+6) Шымкент қаласы – 245 Ақмола облысы – 110 Ақтөбе облысы – 176 Алматы облысы – 183 Атырау облысы – 432(+92) Шығыс Қазақстан облысы – 52(+1) Жамбыл облысы – 198(+6) Батыс Қазақстан облысы – 266(+11) Қарағанды облысы – 200(+3) Қостанай облысы – 68 Қызылорда облысы – 231 Маңғыстау облысы – 130 Павлодар облысы – 154 Солтүстік Қазақстан облысы – 36 Түркістан облысы – 190(+4)