24 нау, 2021 сағат 08:30

Қазақстанда тағы 1103 адам Covid-ке шалдықты. Он адам қайтыс болды

Қазақстанда 23 наурызда 1088 адамнан коронавирус табылып, тағы жеті адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде 22 наурызда 15 адамнан "коронавирус пневмониясы" (анализі - теріс, бірақ Covid белгілері бар) анықталды. Олардың 11-і Ақтөбе облысында тіркелген. "Пневмониядан" үш адам қайтыс болды.

ПТР тестінен коронавирус анықталғандардың басым бөлігі – Алматы (380) мен Нұр-Сұлтанда (152). Қазір бұл екі қалада қатаң шектеу енгізілген.

Елде ресми түрде 235 095 адамнан коронавирус табылды. 2941 науқас қайтыс болды.

Бұл статистикаға "коронавирус пневмониясы" енбеген. Билік "пневмония" статистикасын тек 1 тамыздан жүргізе бастаған. Сегіз айға жуық уақытта елде 50 146 адам "коронавирус пневмониясына" шалдығып, 667 адам көз жұмды.

Жазда індет өршіп, пневмониямен елде ауруханаға түскендер мен көз жұмғандар күрт көбейген. Бірақ тамыздың басына дейін "пневмонияға" шалдыққан және көз жұмғандар ешқандай статистикаға енбей қалды. Министрлік маусым-тамыз арасында "коронавирус пневмониясына" шалдыққандарды "техникалық қиындықтарға" сілтеп, статистикаға қоспады.

Денсаулық министрлігі өзінің ресми статистикасын коронавирус табылғандар мен "коронавирус пневмониясына" шалдыққандар деп екіге бөліп жүргізіп келеді. 

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 124 миллионнан аса адамнан вирус табылған. 2,7 миллионнан аса адам көз жұмса, 70 миллионнан аса адам дерттен айықты.

Аймақтар бойынша толық дерек:

Нұр-Сұлтан қаласы - 152
Алматы қаласы - 380
Шымкент қаласы - 21
Ақмола облысы - 49
Ақтөбе облысы - 28
Алматы облысы - 109
Атырау облысы - 63
Шығыс Қазақстан облысы - 18
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 74
Қарағанды облысы - 90
Қостанай облысы - 41
Қызылорда облысы - 10
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 29
Солтүстік Қазақстан облысы - 12
Түркістан облысы - 6

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елде 22 014 адам короновирус инфекциясынан (19 246 КВИ+ және 2 768 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 6 537 пациент - стационарда, 15 477 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 304 адамның жағдайы ауыр;
• 75 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.