23 нау, 2021 сағат 09:47

Қазақстанда тағы 1101 адам Covid індетіне шалдықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 161
  • Алматы қаласы - 395
  • Шымкент қаласы - 11
  • Ақмола облысы - 53
  • Ақтөбе облысы - 40
  • Алматы облысы - 94
  • Атырау облысы - 48
  • Шығыс Қазақстан облысы - 29
  • Жамбыл облысы - 17
  • Батыс Қазақстан облысы - 61
  • Қарағанды облысы - 91
  • Қостанай облысы - 41
  • Қызылорда облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 33
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 13
  • Түркістан облысы - 8

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны - 234 007.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қазір 21 888 адам короновирус инфекциясынан (18 982 КВИ+ және 2 906 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 418 пациент - стационарда, 15 470 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 69 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.