17 шіл, 2024 сағат 11:46

Қазақстанда сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты

Сурет: видеодан скриншот

Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты.

Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.

Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің "Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойырша  кінәлі деп тапты. Ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам материалдық залал мен моральдық зиян өндірді. 

Сот ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығын, ер адамның оң сипаттамасын, соттылықтың жоқтығын және кінәні ішінара мойындауды ескерді. 

"Мен жасаған қылмыстан жалтармаймын, жазамды аламын. Бірақ мен алға тартқан дәлел-дәйектерді ескере отырып, үкім шығаруыңызды сұраймын", - деді айыпталушы.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кетті. Қыз комада 15 сағат жатып, көз жұмған.