Фото: pexels.com
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Министр су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Оларды салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды.
"Мәселен Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрлысы жұмысы Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасуда. Жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отыр", - дейді Шарлапаев.
Айта кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды. Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 тұрғын үй сатып алды.