21 қыр, 2022 сағат 13:57

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?


Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сән-салтанат салығы енгізіледі. Нұсқаулық әзірленіп жатыр. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді", - деді Жамаубаев Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елде сән-салтанат салығын енгізу мәселесін қарастырудың маңыздылығын айтқан болатын.