19 мау, 2025 сағат 15:30

Қазақстанда Samsung өнімдері шығарыла бастайды

Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Saran индустриялық аймағына барды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Qarmet металлургиялық комбинатында болып, «Саран» шахтасында жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Премьер-Министр Silk Road Electronics серіктестігіне де барды. Кәсіпорын Samsung компаниясымен келісімге отырып, биыл тамыз айынан белгілі әлемдік брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналарын шығара бастайды.