14 қаз, 2016 сағат 12:05

Қазақстанда салафилер саны азайды

- Қазақстанда салафилер саны кеміп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта салафизмді ұстанушылардың саны азайып келе жатқандығы байқалады және олардың Қазақстанда ұйымдасқан құрылымы жоқ. Біздің мұнан арғы жұмысымыз салафизм идеологиясын насихаттайтын интернет-сайттардың,  әдебиеттердің таралуына жол бермеуге бағытталатын болады», - деді Ермекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі заманғы қазақстандық қоғам салафизм ағымының таралуына заңмен шектеу қоюсыз-ақ  тосқауыл бола алады. Дегенмен ол үшін бұл істе бүкіл қоғам жұмыла әрекетке баруы қажет.

«Бүгінгі күні ислам әлемінде салафизм идеясы беделді дін қайраткерлері мен алдыңғы қатарлы ислам ойшылдары өкілдері тарабынан сынға ұшырауда», - деді министр.