#
#
Сенбі 04/07/2020

Қазақстанда ритейлге қарағанда көтерме саудагерлердің жалақысы жоғары

  • 25.05.2020
  • 0
  • 202

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда көтерме сауда, ритейл мен автожөндеу саласындағы орташа айлық еңбекақы осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 184,9 мың теңге болды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 10 пайызға артық. Алайда инфляцияны есепке алғандағы шынайы өсім 3,8 пайызды құраған. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

Салыстыру үшін мына деректерге көз жүгіртсек: Қазақстанда бір жылдың ішінде айлық еңбекақы мөлшері 18,9 пайызға өсіп, 200,3 мың теңгені құрады. Сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 12,2 пайызға жетті.

Автокөлік пен мотоцикл саудасы саласындағы айлық орташа есеппен 232,4 мың теңгені (сатып алу қабілетінің 3,8 пайызға төмендеуін есептегенде +2 пайыз), көтерме сауда саласында 224,4 мың теңгені (сатып алу қабілетінің 4,2 пайызға артуын есептегенде +12,6 пайыз), ритейлде 149,7 мың теңгені (шынайы өсімнің 9,9 пайызға артуымен +16,5 пайыз) көрсетті.

Өңірлер бойынша ең жоғары айлықты Алматыдағы сауда саласының қызметкерлері алатыны (238,5 мың теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,4 пайызға артық) анықталды. 

Үздік үштікке сонымен қатар елорда (208,6 мың теңге - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,4 пайызға артық) мен Атырау облысы (173,8 мың теңге - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5 пайызға артық) ілінді.

Сауда саласы - COVID-19 пандемиясы мен Қазақстанда 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында күшінде болған төтенше жағдай салдарынан қатты зардап шеккен салалардың бірі. Бөлшектік сауда карантин уақытында екі есе төмендеген. Аймақтардың бәрінде бұл салада еңбек ететіндердің бәрі шығынға ұшырады.

Қазақстанда сауда, автокөлік пен мотоцикл саудасы саласында 1,44 млн адам жұмыс істейді (бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,6 пайызға артық). Бұл – Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 16,3 пайызы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар