03 қыр, 2020 сағат 07:17

Қазақстанда пневмониямен 571 адам ауырып, алтауы көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 571 адам ауырып, алтауы көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

3 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты 571 жағдай және 6 өлім тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бастап бері 26 322 адам дертке шалдығып, 301 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 5 773-ке жетті.