03 шіл, 2020 сағат 10:05

Қазақстанда пандемия кезінде қанша медицина қызметкері көз жұмды?

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 18 медициналық қызметкер қайтыс болған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес.

«Алайда, олардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар», - деді Айжан Есмағамбетова.

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 11,5 пайызы – медициналық қызметкерлер. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 медициналық қызметкер емін жалғастыруда.