09 шіл, 2020 сағат 07:54

Қазақстанда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан ауруханаларындағы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл елде 3 294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аймақтардағы қажеттіліктерге байланысты оларды бөлу жоспарланып отыр. Таяу арада медициналық ұйымдар 1 658 ӨЖЖ аппаратын алады. Олардың 680-і жедел жәрдем көліктерін қосымша жарақтандыруға арналған портативті аппарат болса, 978-і стационарлық – базалық және функциялары кеңейтілген аппараттар», - деп хабарлайды министрліктен.

Алдағы уақытта қосымша 4 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алу көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жариялаған кешегі үндеуінде Қазақстанда ПТР-тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлім еткен еді.