Биыл елімізде оқ-дәрі сақтауға арналған 2 нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Биыл Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының адам тұрмайтын аудандарында оқ-дәрі сақтауға арналған 2 заманауи нысан құрылысы басталады. Олар барлық қалған сақтау нысандарының жүктемесін барынша азайтуды және елдің азаматтық тұрғындарының қауіпсіздігін барынша сақтауды қамтамасыз етеді», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Оның атап өтуінше, аталған екі нысанға қойылатын негізгі талаптар Қарулы Күштердің нормативтік-құқықтық актілеріне, қауіпсіздік нормаларына негізделген. Сонымен қатар ол нысандардың құрылысына қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.
«Биыл үлгереміз деп үміттенеміз», - деді Бақыт Құрманбаев.