12 нау, 2021 сағат 09:25

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіме бірлесіп, «ҰАТ» АҚ базасында мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін толыққанды режимде іске қосады. Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Ақпараттық жүйе дайындықтан, тасымалдаудан, сақтаудан, тиеп-жөнелтуден, өткізуден, Қазақстаннан тысқары жерлерге әкелуден және әкетуден бастап мұнай мен газ конденсатын есепке алудың тиімді құралы ретінде құрылған. Сондай-ақ бұл есептерді тапсыру кезінде адами фактор қателерінің азаюына және қағаз құжат айналымы үлесінің қысқаруына әкеледі. 

Мұнай мен газ конденсатын есепке алу жүйесі мұнай өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады. Өндіру, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстаннан әкелу және әкету көлемдері туралы барлық деректер ақпараттық жүйеге беріледі. Компаниялар орнатылған есептеу құралдарын ішкі бақылау ретінде немесе басқа мақсаттар үшін пайдалана алады», делінген хабарламадаү

Уәкілетті орган жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шешім қабылдайтын, газ конденсаты мұнайының айналымын болжайтын, материалдық теңгерімді автоматты түрде есептей алатын және есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептер қалыптастыра алады. 

Бұл ретте, нақты ақпарат алу үшін барлық деректер әр ұйымнан жеке қабылданады, ал есептер кәсіпорынның қызметіне байланысты қалыптасады. Мысалы, мұнай тасымалдау ұйымдары өндіруші ұйымдардан мұнайды қабылдау, мұнай өңдеу ұйымдарына және экспортқа тапсыру бойынша есептерді береді. 

«Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде іске қосылған және оған 3 мұнай тасымалдаушы ұйымы қосылды: – «ҚазТрансОйл», «МұнайТас» және «Қазақстан-Қытай құбыры». «Каспий құбыр консорциумы» қосылу сатысында тұр. Биыл жүйеге Қазақстанның мұнай өндірісінің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін бірқатар ұйымды қосу жоспарлануда. 2021-2022 жылдары МЕАЖ-ға барлығы 3 мұнай өңдеу зауыты, 16 шағын МӨЗ, 4 мұнай тасымалдау ұйымы және 100 жер қойнауын пайдаланушы деректер жібереді», делінген хабарламада.