05 нау, 2021 сағат 09:19

Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады

2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия өндірісін жеделдету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау міндетін қойды.

Бұл мәселені шешу мынадай түрде ұсынылады: биыл Мұнайгаз-химияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жобаны әзірлеу жоспарлануда, ол мәселелерді шешуге баса назар аудара отырып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда: мұнайгаз-химия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнайгаз-химия кластерін құру; одан әрі қайта бөлуді дамыту.

«Сонымен қатар, Шетелдік инвесторлар кеңесінің тапсырмасы аясында МГХ жобасын іске асыру кезінде оның қажеттіліктерін ескере отырып, Үкімет пен инвестор арасында жеке келісім әзірлеу пысықталуда. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді», - деді Н. Ноғаев. 

Осылайша, күтілетін нәтиже:

- өндіріс көлемі 9 есеге артып, 2 млн тонна мұнайгаз-химия өнімін құрайды;

- ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімдерін өндіру мұнайгаз саласында терең өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады, бұл біздің шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді», - деді министр.