18 мам, 2022 сағат 12:11

Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе - ДСМ жауап берді


Қазақстандықтарды омикронның жаңа түріне байланысты қайта бетперде тағуға міндеттеу жоспарда бар ма? Сұраққа денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан "стелс-омикрон" штамына байланысты Қазақстанда маска тағу режимін қайтару жоспары туралы сұралды.

"Бүгінде маска тағу режимін енгізуге негіз жоқ. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деп жауап берді Ғиният.

Ақпанның басында ДДСҰ мамандары омикронның жаңа балама түрі - "стелс-омикрон" штамы таралып жатқанын ескертті, оны "қолда бар сынақтардың көмегімен анықтау өте қиын". Штамм алғаш рет Африка құрлығының бес елінде анықталды: Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка.

13 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "стелс-омикрон" анықталғанын хабарлады.