13 там, 2021 сағат 14:30

Қазақстанда машина құрастыру 22% артты


Қазақстанда машина құрастыру 22% артты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

2021 жылдың 7 айының қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осындай көрсеткішке қол жеткізілген. 

Өндіріс өсімі: 

- автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+34,7%),

- машиналар мен жабдықтар (+37,8%),

- басқа көлік құралдары өндірісі (+37,7%),

- компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+45,8%),

- электр жабдықтары (+7,2%),

- жөндеу және орнатудың (+5,4%) артуы есебінен болды.