10 там, 2020 сағат 11:38

Коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ – ІІМ

Қазақстанда КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды.