25 шіл, 2020 сағат 13:21

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар үлесі 63,8%-ға жетті

Қазақстанда COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққандар саны 63,8% жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 жұқтырудың тәулік бойғы өсімі 4%-дан 2,1% пайызға дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақыру саны 35%-ға, коронавирус инфекциясы бойынша шақырулар – 37%-ға қысқарған», - деп хабарлады министрлік Telegram желісінде. 

Сонымен бірге, жансақтау бөліміндегі жүктеме де 73%-дан 57% дейін түскен. Провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларындағы жүктеме 54% азайды. 

Ал жазылып шыққан қазақстандықтар саны 63% көбейген.