Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус инфекциясынан 90-ға жуық адам жазылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 47, Шымкент қаласында - 22, Ақтөбе облысында - 3, Атырау облысында - 6, Қызылорда облысында - 4, Түркістан облысында - 2, Маңғыстау облысында 3 адам дертінен айыққан.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індеті жалпы 15542 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 9716. 88 науқас қайтыс болды.