
Еліміздің 13 өңірінде коронавирус инфекциясынан 415 адам айықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 130, Алматы қаласында - 27, Қостанай облысында - 26, Жамбыл облысында - 14, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Атырау облысында - 15, Ақмола облысында - 9, Маңғыстау облысында - 2, Түркістан облысында - 14, Батыс Қазақстан облысында - 12, Павлодар облысында - 14, Қарағанды облысында - 57, Қызылорда облысында 83 адам дертінен айыққан.
Жалпы, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індет 44 075 адамнан анықталды. Оның ішінде 15 276 жазылса, 188 науқас қайтыс болды.
