Қазақстанда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 1107 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде індеттен тағы 23 адам емделіп шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 11, Ақмола облысында - 2, Атырау облысында - 4, Қостанай облысында - 3, Түркістан облысында - 3 адам.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны 1107-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 281 Алматы қаласы – 176 Шымкент қаласы – 49 Ақмола облысы – 78 Ақтөбе облысы – 16 Алматы облысы – 28 Атырау облысы – 76 Шығыс Қазақстан облысы – 8 Жамбыл облысы – 48 Батыс Қазақстан облысы – 31 Қарағанды облысы – 73 Қостанай облысы – 6 Қызылорда облысы – 138 Маңғыстау облысы – 9 Павлодар облысы – 11 Солтүстік Қазақстан облысы – 27 Түркістан облысы – 52