Қазақстанның 12 өңірінде тағы 132 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 15,
Алматы қаласында - 5,
Шымкент қаласында - 2,
Шығыс Қазақстан облысында - 4,
Батыс Қазақстан облысында - 39,
Маңғыстау облысында - 3,
Жамбыл облысында - 8,
Қостанай облысында - 2,
Қызылорда облысында - 3,
Қарағанды облысында - 31,
Алматы облысында - 19,
Павлодар облысында - 1.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 16779 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10671 науқас жазылып, 113 адам қайтыс болды.