Қазақстанның 9 өңірінде коронавирус инфекциясынан 56 адам жазылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 56 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 16, Ақтөбе облысында - 3, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 10, Түркістан облысында - 3, Маңғыстау облысында 2 адам дертінен айыққан.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус жалпы 16351 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылғандар саны - 10195. 105 науқас қайтыс болды.