06 мау, 2020 сағат 19:19

Қазақстанда коронавирустан жазылған адам саны 7135-ке жетті

Елімізде тағы 232 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы - 56,  Алматы қаласы - 31, Шымкент қаласы - 8, Ақтөбе облысы - 7, Маңғыстау облысы - 2, Павлодар облысы - 10, Қостанай облысы - 10, Атырау облысы - 23, Түркістан облысы - 2, Қарағанды облысы - 37, Қызылорда облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы - 3, Солтүстік Қазақстан облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 30, Жамбыл облысы 7 адам дертінен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 7135-ке жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1374
Алматы қаласы – 1801
Шымкент қаласы – 412
Ақмола облысы – 138
Ақтөбе облысы – 221
Алматы облысы – 267
Атырау облысы – 769
Шығыс Қазақстан облысы – 63
Жамбыл облысы – 225
Батыс Қазақстан облысы – 383
Қарағанды облысы – 442
Қостанай облысы – 116
Қызылорда облысы – 286
Маңғыстау облысы – 164
Павлодар облысы – 170
Солтүстік Қазақстан облысы – 48
Түркістан облысы – 256