Қазақстанда коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Олар: Шымкент қаласында - 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысында - 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1959 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады», делінген хабарламада.
Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирустан қайтыс болды.