Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 6 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 47, 59, 68 және 70 жастағы төрт ер адам, Батыс Қазақстан облысында - 79 жастағы әйел, Қарағанды облысында - 67 жастағы ер адам көз жұмды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Бүгінге дейін Қазақстанда 13 319 адамнан коронавирус анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8 345. 67 науқас қайтыс болды.