29 мау, 2020 сағат 20:43

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Шымкент қаласында - 51 жастағы ер адам, Қарағанды облысында - 71 жастағы әйел адам, Батыс Қазақстан облысында - 82 жастағы әйел, 39 және 57 жастағы ер адамдар көз жұмды. 

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта. 
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жалпы 21 327 адамнан анықталды, оның ішінде жазылып шыққандар саны - 13 008. Қайтыс болды - 1 88 науқас.