Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
4 маусым сағат 23.40-тағы мәлімет бойынша, індеттен Қарағанды облысында 62 жастағы ер адам, Павлодар облысында - 63 жастағы әйел, Нұр-Сұлтан қаласында - 76 жастағы әйел, Шымкент қаласында 70 жастағы әйел көз жұмды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 9
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 10
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 2
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 5
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 5
Түркістан облысы – 1
Бүгінге дейін елімізде 12067 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның 6606-сы жазылып шықты.