Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
coronavirus2020.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласында індеттен 74 және 68 жастағы екі әйел, 57 жастағы бір ер адам көз жұмды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген сайтта.
Еске салайық, кеше қауіпті вирустан елімізде 9 адам көз жұмды. Оның ішінде 6 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Елордада коронавирустан жалпы 24 өлім оқиғасы болды.
Бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 барлығы 15877 адамнан анықталды, 9902 сауығып шықса, 100 адам қайтыс болды.