24 қыр, 2020 сағат 06:40

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 95 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 қыркүйекке арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 495 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.