11 ақп, 2021 сағат 07:08

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 48 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 11 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 272 адам короновирус инфекциясынан (15 660 КВИ+ және 9 612 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Олардың ішінде 5 318 пациент стационарда, 19 954 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 260 адамның жағдайы ауыр;

• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.