08 мау, 2020 сағат 19:45

Елімізде коронавирустан айыққандар саны 7737-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 7737-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 145, Алматы облысында - 9, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Жамбыл облысында - 9, Батыс Қазақстан облысында – 5, жалпы 180 адам коронавирустан емделіп шыққан. 

Бүгінге дейін 12 859 адамға коронавирус диагнозы қойылды, оның ішінде жазылғандар саны - 7737. 56 науқас қайтыс болды.