14 мау, 2020 сағат 20:36

Қазақстанда коронавирустан 4 науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Олар: Нұр-Сұлтан қаласында - 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысында - 1971 жылы туған әйел, Ақмола облысында - 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан барлығы 77 адам қайтыс болды.