07 мау, 2020 сағат 20:37

Қазақстанда коронавирустан 3 науқас қайтыс болды

Павлодар облысында - 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында - 1948 жылы туған әйел адам, Қарағанды облысында 1963 жылғы ер адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 7 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған. Науқастар туралы басқа ақпарат айтылмайды. 

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 56 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді.