05 мам, 2020 сағат 10:15

Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 4160-қа жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 4160 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

5 мамыр, сағат 12.15-тегі жағдай бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 39 жағдай тіркелді: Алматы қаласында - 18, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Қостанай облысында - 3, Атырау облысында - 4, Павлодар облысында - 2, Қарағанды облысында - 2, Алматы облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 3 адам. 

Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 4121 науқас тіркеліп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 728
Алматы қаласы – 1353
Шымкент қаласы – 215
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 163
Алматы облысы – 157
Атырау облысы – 206
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 158
Батыс Қазақстан облысы – 198
Қарағанды облысы – 161
Қостанай облысы – 53
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 85
Павлодар облысы – 152
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 154