06 қаз, 2021 сағат 16:57

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың 14,4 млн дозасы салынды


ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинациямен қамтуда көшбасшы өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні вакцинаның 14,4 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде 1-компонентпен 7 766 146 адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 77,9 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 6 756 266 адам (67,8%) қамтылды. Бұл егілуге тиісті халықтың 67,8 пайызына тең. 

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтудың көшбасшылары: Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.