11 қыр, 2020 сағат 15:40

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресим өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қай сомада болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздеріңіз білесіздер, коронавирусқа қарсы вакцина әлі дайын емес. Оған әлі бірталай уақыт бар. Сәйкесінше, бұл вакцинаның бағасы қандай болатыны белгісіз», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, болжамдар бойынша вакцина құны тұмауға қарсы екпенің бағасымен бірдей болуы мүмкін. 

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина 2200 - 4500 теңге аралығында болатынын бұдан бұрын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ айта кетейік, бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in» қазақстандық вакцинасының клиникалық сынағына қатысуға 627 адамнан өтінім түскен.